Білім саласы
6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
Дайындық бағыты
6B072 Өндірістік және өңдеу салалары
Білім беру бағдарламаларының тобы
B070 Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары
БББ мақсаты:
Текстиль материалдарының технологиясы және жобалануы саласындағы үнемі өзгеріп отыратын талаптарға бейімделген, жоғары білікті және креативті ойлауға қабілетті жоғары білімді кадрларды дайындау
Жасанды интеллектті қолдану және заманауи технологиялармен жұмыс істеу дағдыларына ие, кәсіби қызмет саласында ақпараттық технологияларды пайдаланады
Кәсіптік қызметте экономика, кәсіпкерлік, құқық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және қаржылық сауаттылық негіздерін білуді қолданады
Текстиль және жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірудің тиімділігін арттыру бағытында жаратылыстану ғылымдарының негізгі заңдарын, инженерлік пәндерді және математикалық талдау әдістерін қолданады
Текстиль және жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірудің технологиялық процестерін жақсарту үшін химиялық процестердіңң теориялары мен күрделі тәуелділіктері туралы білімдері мен түсініктерін қолданады
Қауіпсіздік техникасының талаптарына сәйкес кәсіби қызметте әртүрлі технологиялық жабдықтарды тиімді пайдаланады және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тоқыма өнеркәсібінде қолданады
Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында технологиялық үрдістерді ұйымдастырады және басқару шешімдерін қабылдай алады
Өнімдердің нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігі мен қызметтердің сапасын бақылауды жүзеге асырады
Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын жобалау және қайта құру бойынша қызметтердің сапасын бағалай алу
Инновациялық текстильдік материалдарды әзірлеу барысында академиялық, жазу жанрларын, заманауи зерттеу әдістерін қолданады,академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін,ғылыми Етика қағидаларын сақтай отырып,пікірлер қалыптастырады,ақпарат жинайды және түсіндіреді
Шикізатты, материалдарды өңдеу және қайта өңдеу, жартылай фабрикаттар мен тоқыма өнеркәсібінің бұйымдарын жобалау, алу, тұтынушының талаптарын, оның ішкі мүмкіндіктері мен салалық ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіпорынның нарықтағы тиімді қызметін ұйымдастыру
Өндірістік-технологиялық:
Ұйымдық-басқарушылық:
Эксперименттік-зерттеу:
жобалық:
Өсімдіктер мен жануарлардан алынатын талшықтар (мақта, зығыр, жібек, жүн, қарасора, кенаф және т.б.), Химиялық талшықтар, жіптер, маталар, трикотаж, беймата тоқыма материалдары; оларды өндірудің технологиялық процестері; тоқыма материалдары мен бұйымдарының сапасын сынау және бақылау әдістері мен құралдары және тауар нарықтары.
Оқыту бағытына лицензия нөмірі
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға арналған 2025 жылғы 3 наурыздағы № KZ21LAM00001179 лицензияға №4 қосымша, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылғы 28 ақпандағы №303 бұйрығы